ҰБТ ЖӘНЕ IELTS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОСЫНДЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛҒАНДА ТАҒЫ БІР ТҮЛЕК 140 БАЛЛ ИЕГЕРІ АТАНДЫ: Астана қаласы, 23 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҰБТ ЖӘНЕ IELTS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОСЫНДЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛҒАНДА ТАҒЫ БІР ТҮЛЕК 140 БАЛЛ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке ала отырып, Ақмола облысы Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанова 140 балл иегері атанды.

Айым ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады. Сонымен қатар ол «Ағылшын тілі» пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды. Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қазіргі уақытта Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады.

Сондай-ақ IELTS халықаралық сертификатындағы балдарды ауыстыруды есепке алғанда, Ақмола облысы, Қосшы қаласының талапкері Мардан Күншығаров 139 балға ие болды. Естеріңізге сала кетсек, биыл ҰБТ-ны тапсырушылардың ішінде 139 балды 2 тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинаған болатын.

Жалпы барлығы 716 адам 130-дан астам балл жинады.

Ең жоғары балл жинаған бес талапкердің барлығы болашақ мамандықтары бойынша шешім қабылдады. 140 балл иегері атанған екі талапкер «Ақпараттық технологиялар» мен «Ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығын таңдады. 139 балл иегері атанған үш талапкер «Медицина», «Филология», «Халықаралық қатынастар және дипломатия» бағыттарын таңдады.

Айта кетейік, тестілеу бес пән бойынша өткізіледі: үш міндетті және екі бейінді. Тест тапсырмаларының саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 20, математикалық сауаттылық бойынша – 10, оқу сауаттылығы бойынша – 10 және екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма. Тестілеу ұзақтығы – 4 сағат (240 минут).

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
ҰБТ ЖӘНЕ IELTS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОСЫНДЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛҒАНДА ТАҒЫ БІР ТҮЛЕК 140 БАЛЛ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке ала отырып, Ақмола облысы Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанова 140 балл иегері атанды.

Айым ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады. Сонымен қатар ол «Ағылшын тілі» пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды. Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қазіргі уақытта Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады.

Сондай-ақ IELTS халықаралық сертификатындағы балдарды ауыстыруды есепке алғанда, Ақмола облысы, Қосшы қаласының талапкері Мардан Күншығаров 139 балға ие болды. Естеріңізге сала кетсек, биыл ҰБТ-ны тапсырушылардың ішінде 139 балды 2 тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинаған болатын.

Жалпы барлығы 716 адам 130-дан астам балл жинады.

Ең жоғары балл жинаған бес талапкердің барлығы болашақ мамандықтары бойынша шешім қабылдады. 140 балл иегері атанған екі талапкер «Ақпараттық технологиялар» мен «Ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығын таңдады. 139 балл иегері атанған үш талапкер «Медицина», «Филология», «Халықаралық қатынастар және дипломатия» бағыттарын таңдады.

Айта кетейік, тестілеу бес пән бойынша өткізіледі: үш міндетті және екі бейінді. Тест тапсырмаларының саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 20, математикалық сауаттылық бойынша – 10, оқу сауаттылығы бойынша – 10 және екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма. Тестілеу ұзақтығы – 4 сағат (240 минут).

Аймақтағы жаңалықтар