Бюджет қаражатын жымқырумен айналысатын ҰҚТ қатысушылары сотталды
Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласы Білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды.
Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысқаны үшін сотталды.
Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурызы аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттермен айналысты.
ҰҚТ қатысушылары білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару арқылы
4,5 млрд теңгеденастам қаражат бөлді.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 15жылға, оның қатысушылары 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекетінің фактілерін жасырғаны үшін Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы М. Ботабеков және Білім бөлімінің басшысы
Ж. Жолдыханов сотталған болатын.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Телеарналарға арналған сілтеме:
https://disk.yandex.kz/d/PFAcwuboFaOquQ
______
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмері арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -