COP29 шеңберінде ашықтық туралы есептерді дайындауды жеделдету бойынша Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріне арналған семинар
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан экология және табиғи ресурстар министрліктері - COP-29 Төрағасы «Транспаренттілік мәселелері бойынша екі жылдық баяндаманы (BTR) дайындауды жеделдету үшін Орталық Азияның, Оңтүстік Кавказдың және Шығыс Еуропаның мүмкіндіктерін кеңейту» халықаралық семинарын 2024 жылы 16-18 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізуде.
Семинарды ұйымдастыруда серіктестер «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі, «AIDA» Әзірбайжан халықаралық даму агенттігі және БҰҰ РКИК, ЮНЕП, БҰҰДБ Хатшылығы болады.
Іс-шарада, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев және Әзірбайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі У.Тагиева спикерлер ретінде сөз сөйлейді.
Семинарға Әзербайжан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Қазақстан, Тәжікстан, Сербия және Түркия сияқты елдердің өкілдері қатысты.
Транспаренттілік мәселелері бойынша екі жылдық есеп (BTR) елдердің төмен көміртекті саясатының дамуын, сондай-ақ ОНУВ шеңберінде халықаралық міндеттемелердің орындалуын көрсететін құжат болып табылады. Бұл құжатты барлық елдер екі жыл сайын Париж келісімі және БҰҰ РКИК тараптары конференциясының 18/СМА.1. шешімі шеңберінде БҰҰ РКИК хатшылығына ұсынуға міндетті.
Бұл іс-шара өңірлік өзара іс-қимылды жақсарту және халықаралық экологиялық міндеттемелер шеңберінде климаттық іс-қимылдарды күшейту үшін маңызды қадам болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -