Әділет министрі Азамат Есқараев Вашингтонда АҚШ Құқықтық мәселелер бойынша Мемлекеттік департаментінің кеңесшісі Мэри Кэтрин Малинмен кездесті
Кездесу барысында Қазақстан тарабы Әділет министрлігінің жаңа бастамалары мен оның басымдықтары туралы хабардар етті. Сонымен қатар Қазақстандағы заң үстемдігін нығайту жөніндегі жетістіктерімен бөлісті. Тараптар өз қызметінің құзыреті бойынша техникалық мәселелер бойынша өзарв қолдау көрсетуге уағдаласты.
Іс-сапар барысында Әділет министрі бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында қатысушылар заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -