Әділет министрлігі eGovMobileBussiness мобильдік қосымшасында «ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЦИФРЛЫҚ СЕНІМХАТЫ» жобасын іске қосты
Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «eGovMobileBussiness» мобильдік қосымшасында «ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЦИФРЛЫҚ СЕНІМХАТЫ» қызметінің іске қосылғаны жөнінде хабарлайды.
Аталған қызмет ұйым басшыларының өз қызметкерлеріне сенімхаттар ұсыну процесін айтарлықтай қысқартады және тездетеді.Бұрын заңды тұлғалардың басшылары сенімхаттарды тек қағаз түрінде рәсімдеді, бұл көлікке және кеңсе тауарларына белгілі бір уақыт және қаржы шығындарын талап ететін, сондай-ақ мұндай сенімхаттардың заңдылығын тексеру мүмкіндігі болмады.
Енді заңды тұлғалардың басшылары онлайн түрде электрондық-цифрлық қолтаңбаны қою арқылы өз қызметкерлеріне жеңіл әрі қауіпсіз түрде сенімхаттарды бере алады, бұл ұйым ішіндегі өзара іс-қимылды тиімді, ашық және ыңғайлы етуге ықпал етеді.
Онлайн сенімхаттар компания атынан жедел әрекет етуге мүмкіндік бере отырып, сенімхаттарды басқарудың заманауи және қауіпсіз тәсілі болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -