Әділет министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы құқықтық насихат жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған «Әлеуметтік әріптестіктің тиімді тетіктері» атты республикалық семинарда Әділет министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум еліміздегі құқық қорғау жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Аталған шарада Әділет вице-министрі Лаура Мерсәлімова баяндама жасап, Әділет министрлігінің жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда және құқықтық реформаларды ілгерілетуде мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.
Бұл меморандум Әділет министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандырып, бірлескен іс-шаралар мен жобаларды өткізу арқылы қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -