Әділет министрлігінің делегациясы Вашингтонда Дүниежүзілік Банктің «Әділдік және заңның үстемдігі» жаһандық форумына қатысты
Форумға Еуропа, Латын Америка, Африка және Орталық Азия мемлекетерінің өкілдері қатысты.Әділет министрі Азамат Есқараев форумның пленарлық сессиясында заңның үстемдігін нығайту бағыты бойынша, оның ішінде конституциялық реформа, активтерді қайтару жұмыстары, ашық үкімет жүйесі және әкімшілік әділет реформасы бойынша Қазақстанның жетістіктерін таныстырды.
Қатысушылар Қазақстанның осы бағыттағы жоғары жетістіктеріне тәнті болып, тәжірибесін зерттеуге ниет білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -