Әділет министрлігінде Португалия Республикасының уақытша сенімді өкілімен кездесу өтті
Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова Португалия Республикасының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Хосе Атаиде Амаралмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық және сот төрелігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасумен айналысатын Қазақстан мен Еуропалық Одақ (ҚР-ЕО) жұмыс тобының қызметіне ерекше назар аударылды.
Ботагөз Жакселекова құқықтық жүйеде жоғары халықаралық стандарттарға қол жеткізу үшін өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Португалия Республикасының Уақытша сенімді өкілі Хосе Атаиде Амарал Қазақстанның құқықтық жүйені жетілдірудегі күш-жігерін жоғары бағалап, өз ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -