Әділет министрлігінде Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ведомствоаралық комиссия) кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты. Отырыстың басты мақсаты – ағымдағы заң жобаларын талқылау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Парламент Мәжілісінің депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қоғам өмірі мен мемлекет қызметінің түрлі салаларына қатысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Отырыс барысында қолданыстағы заңнамалық актілерді жетілдіруге және жаңа құқықтық нормаларды әзірлеуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Әділет министрі еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға бағытталған ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін заң шығару процесінің барлық қатысушылары арасындағы сындарлы диалог пен тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Отырысты қорытындылай келе Азамат Есқараев барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары мен ұсыныстары үшін алғысын білдіріп, барлық айтылған пікірлер мен ұсыныстар ведомствааралық комиссия отырысының жұмысында ескерілетінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -