Әділет органдарының жұмысын цифрландыру: Астанада қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр: Астана қаласы, 13 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Әділет органдарының жұмысын цифрландыру: Астанада қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні жедел дамыту аумағына айналуы тиіс. Бұл – біздің стратегиялық міндетіміз» деп Үкіметке цифрландыруды толыққанды дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы негізгі міндеттер аясында Әділет министрлігі «Digital Justice» жобалар портфелін іске асыруда. Ол азаматтардың қаржы және уақыт шығындарын үнемдей отырып, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану шараларын қамтиды. Бұл туралы Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы Арман Ақылбай Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі таңда заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі – «E-ZanKomegi» жұмыс істейді. Осы жүйе халыққа онлайн режимде білікті заң көмегін көрсетуге арналған.

Бұл жүйе азаматтардың адвокаттар мен заң консультанттарының қатысуымен білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған.

«Қазіргі уақытта операторлар тәулік бойы кеңес беретін қонсультациялық қызмет іске қосылды. Кеңес алу үшін «EGov.KZ» порталында тиісті бөлімді таңдап, қызмет көрсету үшін өтініш қалдыру қажет.

Сондай-ақ, құқықтық кеңес беру мүмкіндігі «Zan Komegi» ақпараттық жүйесі арқылы қарастырылуда. Мұндай құқықтық кеңесті адвокаттар мен заң кеңесшілері ұсынады. Сонымен қатар, құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект элементтері бар чат-бот әзірленіп, «Zan Komegi» мобильді қосымшасының тәжірибелік ортасында тестілеуден өтіп жатыр», - деді Арман Ақылбай

Жасанды интеллектіні енгізу мақсатында министрлік IT-ұйымдармен бірлесіп жұмыс тобын құрды. Оған zan bar, iprav, ҚарМУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ және басқа да ұйымдар қатысуда.

Астана қаласында 2023-2024 жылдары нотариусқа бармай-ақ 102 142 нотариаттық әрекет ресімделді.

Енді азаматтар осы қызметтерді онлайн форматта бейнеқоңырау арқылы нотариусқа бармай-ақ ала алады.

Барлық дайын құжаттар «E.Gov.kz» порталындағы «Цифрлық құжаттар» сервисінде көрсетіледі.

Клиентті сәйкестендіру биометриялық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл ұқсас сыртқы белгілері бар адамдарды қате сәйкестендіру тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік берді.

Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында қосымша екі факторлы аутентификация енгізілді – SMS-код пен ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы тексеру.

Әділет министрлігі Нотариаттық палата мен бірлесіп сенімхаттар, кеңестер, ерлі-зайыптылардың келісімдері және некенің жоқтығы туралы өтініштер сияқты бірқатар нотариаттық қызметтерді онлайн форматқа ауыстырды.

2024 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Республикалық палатасымен бірлесіп «Сот орындаушысының роботы» пилоттық жобасын іске қосты.

«Цифрлық сот орындаушысының» бірқатар артықшылықтары бар:- барлық әрекет автоматты түрде орындалатындықтан, жеке күзет қызметіне және оларға баруға ақы төлеу шығындарынан босатылады;- Іс жүргізу қозғалғаннан кейін 20 АЕК дейін, Робот борышкерге бірнеше арналар (1. 1414 нөмірінен СМС хабарлама, 2. EGov Mobile қосымшасындағы push-хабарлама) арқылы оңайлатылған іс жүргізу туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар хабарлама жіберіледі.- роботтың ЖСО-дан айырмашылығы, борышкердің сомасы шегінде тек 1 банктік шотқа тыйым салады, ал ЖСО барлық шотқа тыйым салады;- азаматтарға ыңғайлы болу үшін борышты онлайн төлеу мүмкіндігі бар. Бұл барлық қамтамасыз ету шараларын тыйымды (арестерді) автоматты түрде жоюды қамтиды. Осылайша, адами фактор толығымен жойылады;- бұл жоба сот орындаушыларымен өзара байланысқа шығуды қажет етпейді. Барлық әрекет онлайн режимінде жүзеге асырылады. Іс жүргізуді тоқтату және тыйым салуларды жою үшін түбіртектер мен басқа да растайтын құжаттарды көрсету қажет емес. Атқарушылық іс жүргізу саласын цифрландырудан басқа, жоба азаматтарға жыл сайын шамамен 5 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

«Бұрын берешекті уақытында өтемеген жағдайда азаматтар жеке сот орындаушысына оның қызметі үшін 25%-ға дейін ақы төлеуге мәжбүр болатын. Статистика көрсеткендей, Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласында соттардың қаулыларының негізінде 73 080 358 теңге сомасына, 1 555 оңайлатылған іс жүргізу қозғалды.

Уәкілетті органдар қаулыларының негізделген 466 139 097 теңге соммасына 23 780 оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Жалпы алғанда, 539 219 455 теңге сомасына 25 335 оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу қозғалды», - деп спикер сөзін қорытындылады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар