АГЕНТТІКТІҢ АСТАНАДАҒЫ ДЕПАРАТМЕНТІ ҮЙ ИНТЕРНЕТІ ҚЫЗМЕТТЕРІ АЯСЫНДА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ: Астана қаласы, 13 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

АГЕНТТІКТІҢ АСТАНАДАҒЫ ДЕПАРАТМЕНТІ ҮЙ ИНТЕРНЕТІ ҚЫЗМЕТТЕРІ АЯСЫНДА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша талдау жүргізді. Оның нәтижесінде «КаР-Тел» ЖШС (бұдан әрі – Билайн) тарапынан үй интернеті қызметтері нарығында үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды, бұл тұтынушылардың заңды құқықтарының шектелуіне әкелген.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, «Билайн» тұтынушыларға қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағалардың жасанды түрде қымбаттауына және белгісіз тұтынушылар тобының құқықтарының бұзылуына алып келді.

Сонымен қатар, «Билайн» компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с-қа дейінгі интернет жылдамдығы тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Ал басқа үйлерде максималды жылдамдық 100 Мбит/с-ты құрайды, бірақ тарифтік жоспарлардың бағасы барлық абоненттер үшін бірдей, өзгеріссіз қалады делінген.

2024 жылғы 19 қарашада Департамент «Билайн» компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде хабарлама жіберді. Компанияға тұтынушылардың тарифтік жоспарды таңдау құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, атап айтқанда:

-  егер тұтынушы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланғысы келмесе, жылдамдығы 100 Мбит/с -тан аспайтын интернет;

-    қосымша ақылы қызметтерсіз жылдамдығы 100 с/Мбит-тан аспайтын интернетке қосылу қызметі ғана.

Қазіргі таңда хабарлама толық көлемде орындалды: 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастады, және олардың бағасы 500 теңгеге арзандады.

Ақпарат көзі: Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша талдау жүргізді. Оның нәтижесінде «КаР-Тел» ЖШС (бұдан әрі – Билайн) тарапынан үй интернеті қызметтері нарығында үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды, бұл тұтынушылардың заңды құқықтарының шектелуіне әкелген.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, «Билайн» тұтынушыларға қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағалардың жасанды түрде қымбаттауына және белгісіз тұтынушылар тобының құқықтарының бұзылуына алып келді.

Сонымен қатар, «Билайн» компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с-қа дейінгі интернет жылдамдығы тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Ал басқа үйлерде максималды жылдамдық 100 Мбит/с-ты құрайды, бірақ тарифтік жоспарлардың бағасы барлық абоненттер үшін бірдей, өзгеріссіз қалады делінген.

2024 жылғы 19 қарашада Департамент «Билайн» компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде хабарлама жіберді. Компанияға тұтынушылардың тарифтік жоспарды таңдау құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, атап айтқанда:

-  егер тұтынушы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланғысы келмесе, жылдамдығы 100 Мбит/с -тан аспайтын интернет;

-    қосымша ақылы қызметтерсіз жылдамдығы 100 с/Мбит-тан аспайтын интернетке қосылу қызметі ғана.

Қазіргі таңда хабарлама толық көлемде орындалды: 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастады, және олардың бағасы 500 теңгеге арзандады.

Аймақтағы жаңалықтар