Әділет вице-министрі азаматтарды қабылдады
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Даниель Ваисов қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдады.Кездесу барысында азаматтар атқарушылық өндіріске қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар Астана қаласының тұрғыны жеке сот орындаушысының әрекетіне қатысты шағымын жеткізді.
Даниель Ваисов Азаматтардың өтініштерін тыңдағаннан кейін қойылған сұрақтар бойынша түсініктеме беріп, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оның ішінде осы өтініштер бойынша жеке сот орындаушысының іс-әрекетін тексеру туралы тиісті тапсырмалар берді.Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -