Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова брифинг өткізді.
Брифингте Әділет вице-министрі «Зияткерлік меншік: Қазақстандағы инновациялар мен шығармашылықты қорғау» тақырыбында журналистердің сауалдарына жауап берді.
Вице-министр зияткерлік меншік саласында заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, құқық қолдану практикасын күшейту, «географиялық нұсқама», авторлық құқық және т. б. бірқатар салаларда ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.
Сондай-ақ, қазіргі әлемде зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау, экономикалық дамуды ынталандыруда шешуші рөл атқаратындығын атап өтті.
Сілтеме: https://www.youtube.com/live/FfrKggWDxm0?si=NlX8LPXROzWl7Wai
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -