Әділет Вице-министрі Лаура Мерсәлімова «Азаматтық құқық нормалары» тақырыбына арналған 25-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
Бүгін Алматы қаласында жыл сайынғы цивилистік оқулар аясында ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Конференция барысында Әділет Вице-министрі құттықтау сөз сөйлеп, азаматтық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелеріне және осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган ретінде Әділет министрлігінің рөліне жеке тоқталды.
Лаура Мерсәлімова конференцияға қатысушыларды Әділет министрлігінің 2030 жылға дейінгі ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру және оны бір мәнді тұжырымдама негізінде жаңғырту мақсатында азаматтық заңнаманы кешенді талдауды ұйымдастыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Вице-министр осы бағыттағы ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп жұмыс істеуге ерекше қызығушылық білдірді.Іс-шараға мемлекеттік, азаматтық сектордың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ азаматтық құқық саласындағы шетелдік сарапшылар қатысты.
Конференцияға қатысушылар азаматтық құқықты дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, тәжірибе алмасты және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -