ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН БҰҰДБ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА
Бүгін Денсаулық сақтау министрі БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесу барысында денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері қаралды. Ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтауды цифрландырудың ұлттық стратегиясын әзірлеу шеңберінде тиісті зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу, БҰҰ-ның ТДМ жөніндегі біріккен қорына өтінім беру жөніндегі жұмысты атап өтті. Кездесу барысында БҰҰДБ өкілдері вакциналарды жеткізу жүйесін жақсарту үшін инновациялық техникалық шешімдерді ұсынатын логистиканы басқарудың электрондық ақпараттық жүйесін таныстырды. Тараптар осы платформаны Қазақстанда одан әрі енгізуді талқылау бойынша қосымша кездесу өткізу туралы уағдаласты. Кездесу соңында тараптар БҰҰДБ мен Денсаулық сақтау министрлігінің арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ одан әрі әріптестікті жалғастыруға және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық пен қолдау білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -