ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ВЕНГРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуі барысында бірқатар басым бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Бұған дейін Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының соңғы отырысы хаттамасының шеңберінде медицина және фармацевтика өнеркәсібінде медицина кадрларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру, ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ жаңа инфекцияларды стратегиялық моделдеу және болжау мәселелері бойынша әріптестікті кеңейту белгіленген болатын.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Венгрия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -