ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ SIEMENS КОМПАНИЯСЫМЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІ ЖАНДАНДЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ
Германияның үкіметтік делегациясының Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Siemens Healthineers AG»Бас директоры Бернд Монтагпен кездесу өткізді.
Министр медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы неміс әріптестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейтудің, озық технологияларды енгізудің және медициналық кадрлардың біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін жақсартуға, медицина және фармацевтика саласындағы өндірістік қуаттарды дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Siemens-пен әріптестікте медициналық және фармацевтикалық жабдықтар мен техниканы жаңарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ынтымақтастық қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -