Экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту туралы
Бүгін ОКҚ брифинг барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы туралы айтып берді.
Ол тұжырымдаманың негізі экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру, экологиялық білім мен практиканы дамыту, сондай-ақ экологиялық саясатты тиімді іске асыру болып табылатынын атап өтті. Тұжырымдама Үкімет тарапынан мақұлданған және бекітілген.
Тұжырымдама келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады, мысалы:
- экологиялық ойлау және мінез-құлық, оның ішінде ынталандыру және оларды көтермелеу шаралары;
- экологиялық білім;
- экологиялық ағартушылық және ақпараттық жарықтандыру.
Әрбір бағыт бойынша Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге және қажет болған жағдайда оларды түзетуге мүмкіндік беретін тиісті индикаторлар айқындалды.
Желтоқсан айында жергілікті атқарушы органдар белгіленген мақсаттарды, міндеттер мен индикаторларды ескере отырып, өңірлік ерекшеліктер, кешенді тәсіл негізінде тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарларды бекітеді.
Іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Ж.Әлиев: «Тұжырымдаманы тиімді іске асыру үшін халықтың хабардарлығын арттыру қажет, оның түпкі мақсаты бүкіл қоғамның заманауи экологиялық менталитетін қалыптастыру және экологиялық мәдениеті жоғары ұлтқа ұмтылу болып табылады», - деп атап өтті.
Өз баяндамасының соңында вице-министр Мемлекет басшысының Жолдауындағы сөздерін келтірді:
«Негізгі міндеттердің бірі – экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту.
Басқаша айтқанда, қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау әркім үшін күнделікті нормаға айналуы керек. Біздің ұлттың көптеген жақсы қасиеттері бар. Мысалы, шетелде бізді қонақжай және мейірімді халық ретінде біледі. Тазалық пен тәртіпке ұмтылу біздің ұлттық мінезіміздің ажырамас ерекшелігі болуы қажет».
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -