Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшелері Астана қаласындағы 2-ЖЭО-да болды
2024 жылғы 23 шілдеде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың қатысуымен «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО-да Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелеріне 2-ЖЭО бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді және энергия объектісін кеңейту, шығарындылар бойынша экологиялық нормаларды сақтау, жөндеу жұмыстарының барысы және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы ақпарат берілді.
Астана қ. 2-ЖЭО директоры У. Асқарбековтың ақпараты бойынша, ағымдағы жылы "Астана энергия" АҚ 2-ЖЭО жөндеу кестесіне сәйкес № 1, 7 қазандықтарды және № 4 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. № 7 қазандық пен № 4 турбина жөндеу үстінде. №1 қазандықты жөндеу аяқталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -