E-qazyna.kz порталы мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне ресми қол жеткізу нүктесі ретінде танылды – Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы
E-qazyna.kz веб-порталы мемлекеттік мүлік тізіліміне және тиісті сауда-саттыққа ресми қол жеткізу нүктесі ретінде танылды. Бұл өзгеріс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау аясында енгізілді.
Жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит жүргізу барысында сауда-саттық туралы ақпараттың жалғыз көзі gosreestr.kz веб-порталы емес, пайдаланушылар автоматты түрде қайта бағытталатын e-qazyna.kz екендігі анықталды.
Сонымен бірге бұл порталдың анықтығы туралы мәлімет ҚР Қаржымині Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сайтында жоқ. Бұл сайттың заңдылығына әлеуетті қатысушылардың тарапынан күмән тудырады және соның салдарынан оны пайдаланудан бас тартуына әкелді.
Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігіне мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы туралы мәліметтерді өзектендіру шараларын қабылдау тапсырылды. Бүгінгі күні Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес e-qazyna.kz веб-порталы тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынады.
Осылайша, Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы орындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -