Этикалық нормаларды сақтау - мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі: Астана қаласы, 30 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Этикалық нормаларды сақтау - мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі

Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Дүйсен Әділханов Астана қаласы бойынша аумақтық департаменттердің қызметкерлерімен кездесіп, оның барысында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нормаларын орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға байланысты мәселелер қозғады.

Бұл ретте ведомствоның Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметте этикалық стандарттарды қолдап, ілгерілетуге байланысты бірқатар маңызды функцияға жауапты екенін айта кеткен орынды. Атап айтқанда, ол әдеп нормаларының сақталуын қадағалап, қызметкерлерге тиісті нормалар мен белгіленген талаптарды сақтау мәселелері бойынша кеңестер мен ұсыныстар береді. Бұған қоса мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Аталған жиында Д. Әділханов Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру және Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдады.

«Бұл кездесулердің мақсаты – «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нормаларын бұлжытпай сақтауды түсіндіріп, мұқият жеткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту мен күнделікті жұмыста Әдеп кодексін ұстануды көздейді. Аталған іс-шаралар  қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебін арттырып, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған», деді Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Бұдан бөлек ол мемлекеттік қызметкерлерге қатысты кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы айтып берді. Сол секілді министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі қазір мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бойынша тиісті түзетулер қолға алынғанын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар спикерге көкейдегі сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алысты.

Ақпарат көзі: Министерство финансов Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар