ЕҰУ-ДЫҢ 50-ДЕН АСТАМ ҒАЛЫМЫ ШЕТЕЛДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ: Астана қаласы, 14 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ЕҰУ-ДЫҢ 50-ДЕН АСТАМ ҒАЛЫМЫ ШЕТЕЛДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 52 ғалымы Еуропа мен Американың жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Зерттеушілер «500 ғалым» бағдарламасы бойынша халықаралық тәжірибені зерттеуге және шетелдік әріптестермен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік алды.

ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің аға оқытушысы Ғазиза Елібаева Франциядағы Пол Сабатье университетінің Информатика ғылыми-зерттеу институтында тағылымдамадан өтуде. Жас ғалым өткен жылдың қараша айынан бері шетелдік әріптестерінің тәжірибесін зерттеп, өзінің алған білімін ғылыми ізденістеріне қолдануды жоспарлап отыр.

«Қазір мен ұлттық және аймақтық деңгейдегі ІТ ландшафт зертханасы мен әлемдік цифрлық қосымшалардың жұмысын зерттеп жатырмын. Ғылыми тағылымдама менің ғылыми идеяларымды жүзеге асыруға, ғылыми зерттеулердегі халықаралық тәжірибемен танысуға, ғылыми әлеуетімді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адамның ғылым әлемінде одан әрі дамуына оң әсер етіп қана қоймай, оның жеке тұлғалық өсуіне тәжірибе ретінде қызмет етеді», - деп атап өтті ол.

Ғазиза Елібаеваның зерттеулері қазақ тілінің синтаксистік құрылымын қалыптастыруға және компьютерлендіруге бағытталған. Ғалым меңгерген жаңа құзыреттерін «Қазақ тіліндегі пәндер бойынша интерактивті түрде оқытуға, кеңес беруге және білімді бағалауға қабілетті смарт оқулықтарды қалыптастыру технологиясын жасау» ғылыми жобасында қолдануды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, ЕҰУ ғалымдары мемлекеттік қолдаудың арқасында Иллинойс университеті, Йорк университеті, Кембридж университеті, Дрезден университеті, Джордж Вашингтон университеті және тағы басқа әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында біліктілігін арттыруда. Тағылымдамалар 6 айдан бір жылға дейін созылады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 52 ғалымы Еуропа мен Американың жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Зерттеушілер «500 ғалым» бағдарламасы бойынша халықаралық тәжірибені зерттеуге және шетелдік әріптестермен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік алды.

ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің аға оқытушысы Ғазиза Елібаева Франциядағы Пол Сабатье университетінің Информатика ғылыми-зерттеу институтында тағылымдамадан өтуде. Жас ғалым өткен жылдың қараша айынан бері шетелдік әріптестерінің тәжірибесін зерттеп, өзінің алған білімін ғылыми ізденістеріне қолдануды жоспарлап отыр.

«Қазір мен ұлттық және аймақтық деңгейдегі ІТ ландшафт зертханасы мен әлемдік цифрлық қосымшалардың жұмысын зерттеп жатырмын. Ғылыми тағылымдама менің ғылыми идеяларымды жүзеге асыруға, ғылыми зерттеулердегі халықаралық тәжірибемен танысуға, ғылыми әлеуетімді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адамның ғылым әлемінде одан әрі дамуына оң әсер етіп қана қоймай, оның жеке тұлғалық өсуіне тәжірибе ретінде қызмет етеді», - деп атап өтті ол.

Ғазиза Елібаеваның зерттеулері қазақ тілінің синтаксистік құрылымын қалыптастыруға және компьютерлендіруге бағытталған. Ғалым меңгерген жаңа құзыреттерін «Қазақ тіліндегі пәндер бойынша интерактивті түрде оқытуға, кеңес беруге және білімді бағалауға қабілетті смарт оқулықтарды қалыптастыру технологиясын жасау» ғылыми жобасында қолдануды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, ЕҰУ ғалымдары мемлекеттік қолдаудың арқасында Иллинойс университеті, Йорк университеті, Кембридж университеті, Дрезден университеті, Джордж Вашингтон университеті және тағы басқа әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында біліктілігін арттыруда. Тағылымдамалар 6 айдан бір жылға дейін созылады.

Аймақтағы жаңалықтар