ЕҚЫҰ серіктестік
Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдерімен ағымдағы климаттық жобалар мен болашақ ынтымақтастық жоспарларын талқылау бойынша кездесу өткізді.
Кездесу аясында энергетикалық инфрақұрылымның, биік таулы аудандардың климатқа орнықты дамуына жәрдемдесуге және климаттың өзгеруіне байланысты проблемаларды шешуге, сондай-ақ ең үздік қолжетімді техникалар (ҚДТ) бойынша анықтамалықтарды әзірлеуге қолдау көрсетуге бағытталған ағымдағы жобалардың іске асырылу барысы талқыланды.
Сонымен қатар, М. Ошурбаев Қазақстанның БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының алдағы 29-шы конференциясына (СОР29) дайындық барысы туралы хабардар етті. Өз кезегінде ЕҚЫҰ қызметкерлері Қазақстанды климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күреске үлес қосу және мақсаттарға қол жеткізуге күш салуда қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -