ЕGov.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарған арналған қызметтер жаңартылды
Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады:
- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу
- Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
- Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу
- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар -балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді ресімдеу үшін кезекте тұрған. Жаңартылған қызмет уақыт шығындарын едәуір азайтып, қажетті құжаттарды онлайн режимде алуға мүмкіндік береді.
Қызметтерді алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін таңдаңыз;
- «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөлімінде ұсынылған тізімнен қызметті таңдаңыз;
- Қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.
Өтінімді өңдеу туралы хабарламамен Жеке кабинетте таныса аласыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -