«Ел тазалығына бірге атсалысайық»: даңқты бапкер Рикардо Кака экологиялық акцияға қолдау көрсетті: Астана қаласы, 22 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Ел тазалығына бірге атсалысайық»: даңқты бапкер Рикардо Кака экологиялық акцияға қолдау көрсетті

Бүгін Астанада «Таза Қазақстан». Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында шағын футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака мен меценат Талғат Қожахметов Қазақстан футбол федерациясы аумағында көшет отырғызу іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олар отандық спортты дамытуға зор үлес қосып келеді. 2018 жылы ұлттық құраманың бас бапкері ретінде тағайындалған Рикардо Кака 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстанды алғаш рет жартылай финалға жеткізген болатын. Тек пенальти сериясында Португалиядан жеңілгені болмаса, тіпті финалға шығуға сәл ғана жетпеген.

«Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы идеясының мәні зор. Себебі өз үйінің тазалығы өзгеге емес, біріншіден, өзімізге керек. Танымал кісілердің осындай акцияларға қатысуы соңымыздан ерген жас ұрпаққа да әсер етеді деп ойлаймын. Қазіргі сәтте 26 мамыр күні Самарқандта өтетін әлем чемпионатының жеребесіне баруға дайындалып жатырмыз. Ыңғайлы, қолайсыз қарсылас деп ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Тобымызға кім түссе де, барымызды саламыз. Әлеуетімізді біле тұрып, тек топтан шығу немесе 1/8-де ойнау деген секілді міндеттерді қоймаймыз. Мақсатымыз айқын. 2021 жылғы жоғары жетістігімізден де асып түскіміз келеді. Жеңісте бірге болатын жанкүйерлер, еліміздің тазалығына да бірге атсалысайық», - деді Рикардо Кака.

Айта кетсек, 6 жыл ішінде бас бапкеріміздің тұсында құрамамыз 33 ойын (26 жеңіс, 3 тең, 4 жеңіліс) өткізген.

Ал «Сайран» ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры Талғат Қожахметов шағын футболды таныту мақсатында бірнеше алаңды салып берген.

«Менің білуімше, еліміздегі орманның үлесі 4-5 пайызды ғана құрайды. Бұл нені білдіреді? Яғни, ағашты бір сәттік акцияда ғана емес, тұрақты түрде отырғызу керектігімізді айқындайды. Бұған дейін де Тұңғыш Президент Астана қаласының айналасында көшет отырғызып, бүгінде «Жасыл белдеудің» қызығын тұрғындар көріп жатыр. Қазақстан футбол федерациясының жанында шағын футболымызды әлемге танытқан Какамен бірге көшет отырғызу да – үлкен мәртебе. Кейінгі жас ұрпақ осы ағашты танымал бапкер отырғызды деп еске алып жүреді», - деді меценат Талғат Қожахметов.

Естеріңізге салсақ, 8 сәуірде бастау алған республикалық акция әлі де жалғасын табуда.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар