Елорда прокуратурасының ұжымы сенбілікке қатысуды жалғастыруда
Прокуратура қызметкерлері акцияны қолдап, кезекті рет «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» айлығына қатысты.
Белгіленген аумақта прокурорлар қоқыстарды шығару, ағаштар мен көшеттерді әктеу жұмыстарын жүргізіп, елорданың тазалығы мен көркін қамтамасыз етуге өз үлесін қосты.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -