Елорда жастары Республика күніне орай ұлттық киім киіп, флешмоб өткізді: Астана қаласы, 24 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Елорда жастары Республика күніне орай ұлттық киім киіп, флешмоб өткізді

Республика күніне орай Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен белсенді жастардың қатысуымен ауқымды флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара мемлекеттік мереке – Республика күнін мерекелеу аясында жастардың бойында патриоттық сезімді, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Флешмобқа елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен қазақтың ұлттық киімдерін киген белсенді жастар қатысты. Олар заманауи патриоттық әнге ұлттық нақышта би нөмірін дайындады.

Соңында қатысушылар еліміздің әнұранын бірге шырқады.

Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-ағартушылық, спорттық және әлеуметтік іс-шара, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер және басқа да көптеген шаралар жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын аудандарда, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді.

Сонымен қатар, 25 қазан күні сағат 21:00-де Астана қаласындағы Триатлон саябағының (Пирс ауданы) аумағында демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу басталады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Республика күніне орай Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен белсенді жастардың қатысуымен ауқымды флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара мемлекеттік мереке – Республика күнін мерекелеу аясында жастардың бойында патриоттық сезімді, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Флешмобқа елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен қазақтың ұлттық киімдерін киген белсенді жастар қатысты. Олар заманауи патриоттық әнге ұлттық нақышта би нөмірін дайындады.

Соңында қатысушылар еліміздің әнұранын бірге шырқады.

Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-ағартушылық, спорттық және әлеуметтік іс-шара, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер және басқа да көптеген шаралар жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын аудандарда, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді.

Сонымен қатар, 25 қазан күні сағат 21:00-де Астана қаласындағы Триатлон саябағының (Пирс ауданы) аумағында демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу басталады.

Аймақтағы жаңалықтар