Елорданың спортты дамыту дирекциясында жалған өткізілген жиындарға бөлінген 40 млн бюджет қаражаты жымқырылды
Астана қаласы әкімдігінің "олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-де бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.
Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.
Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды.
Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -