Ерлан Ақкенженов Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, онда облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып, қала тұрғындарының жылу мәселесіне, газбен қамтамасыз ету, ЖЭО жөндеу жұмыстарының барысы және алдағы жылу беру маусымына дайындығына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Жиын барысында бүгінгі таңда Шымкент қаласын газдандыру деңгейі республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып, 99,9%-ды құрайтынын немесе 1 млн 173 мың адам табиғи газға қол жеткізгені айтылды. 2024 жылға 9 жобаны (4 жалғасуда, 5 жаңа) іске асыру жоспарлануда, жобаларды іске асыру нәтижесінде келешекте қосымша 80 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізе алады және газдандыру деңгейі 100 %-ды құрайды.
Сонымен қатар вице-министр 2025 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде «Шымкент қаласының Ынтымақ шағынауданында 110/35/10 кВ кіші станция және 110 кВ электр желілерін салу» жаңа жобасын іске асыруға 5,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу қарастырылуда екенін атап өтті.
Жобаны жүзеге асыру барысында Ынтымақ, Батыс, Солтүстік саяжай, Жаңатұрлан, Темірші әулие шағынаудандарымен Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі жаңа әуежай терминалының 45 мыңға жуық тұрғыны үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Тағы бір маңызды бағыт – сұйытылған мұнай газы нарығы. Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 70 теңгені құрады.
Өңірде 4 газ толтыру станциясы және 192 автомобильге газ құю станциясы бар.
Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында 68 мың тоннаны құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңінде шамамен 59 мың тонна тұтынылды.
«Біз ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық жолмен көтерілуіне жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау жөнінде шаралар қабылдап жатқанымызды атап өткім келеді. Бұл шаралар сұйытылған мұнай газын сатудың шекті бөлшек бағасын белгілеу арқылы бөлшек сауда бағасының күрт өсуін болдырмауға мүмкіндік береді»-деді Е. Ақкенженов.
Сонымен қатар, вице-министр Ерлан Ақкенженов тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерімен Шымкент қаласын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. СМГ аймақтар бойынша бөлу бойынша нормативтік-құқықтық актілерге қатысты мәселелер қаралды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -