Есірткі зертханасын жою туралы
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті.
А.ж. 16 мамырында оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптықзаттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды.
Тінту барысында 7 кг «мефедрон» психотроптық заты және 200 литрпрекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды.
Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін.
Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін «варщиктер» деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.
Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасытаңдалды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -