Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу аяқталды
Министрлік жыл сайын екі рет Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеуін жариялайды. Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына» сәйкес өткізілді.
Біліктілік іріктеу ЕЭК өткізетін бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары ішінен жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірушілер тиісті құжаттарды «Іріктеуге қатысу» деген белгімен a.argyn@mti.gov.kz, zh.dyusenbek@mti.gov.kz электрондық адрестеріне жолдау қажет.
Биыл алғашқы іріктеу ақпан айында өтті. Екінші жартыжылдықта құжаттар мен өтініштерді кезекті қабылдау 2024 жылғы 5 шілдеден басталды. Бұл ретте біліктілік іріктеуіне қатысуға ниет білдірушілер мәлімделген жоқ.
Келесі біліктілік іріктеу 2025 жылдың ақпан айының басында өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -