Хабарландыру Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы магистратура мен докторантурада оқуға ниет білдіретін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақырады
Оқыту екі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:
- «Құқықтану»: магистратура (ғылыми-педагогикалық) және докторантура (ғылыми-педагогикалық);
- «Құқық қорғау қызметі»: магистратура (ғылыми-педагогикалық; бейіндік, оның ішінде қашықтан оқыту), докторантура (ғылыми-педагогикалық; бейіндік, оның ішінде қашықтан оқыту).
Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру мерзімі: ағымдағы жылғы 1 сәуір - 25 шілде аралығында.
Құжаттарды қабылдау сканерленген нұсқада «Қадағалау», «ЭҚАБЖ» АЖ, сондай-ақ пошта арқылы немесе қолма-қол жүзеге асырылады.
Қабылдау емтихандарын өткізу мерзімі: ағымдағы жылғы 10-20 тамыз аралығында.
Академия ректорының қабылдау туралы бұйрығы ағымдағы жылғы 25 тамызға дейін.
Қабылдау ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап.
Оқыту мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл ретте, білім алушы соңғы лауазым бойынша жалақының 70%-нан және сыныптық шеңі мен арнайы атағы үшін қосымша ақыдан тұратын стипендия алады.
Оқу кезеңіндегі еңбек өтілі жеңілдікпен есептеледі (1 ай қызметі 1,5 ай болып).
Оқуға түсуге үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжаттар тізімімен Академияның www.academy-gp.kz сайтында танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -