Халықаралық балалар және жастар шығармашылығы байқауында "Жас сарбаз" тобы Бас жүлдені жеңіп алды
Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында балалар мен оқушылар арасында байқау-фестиваль өтті.
Байқау өнердің түрлі бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Вокал, скрипка, фортепиано, үрмелі аспаптар, хореография және эстрадалық би – осы және басқа да шығармашылық іс-шараға қатысқан бүлдіршіндер өз өнерлерін паш етті.
Гран-при ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Жас сарбаз" шығармашылық студиясының 7 жастан 10 жасқа дейін кіші тобына берілді. Жас бишілер "Тербетеміз" эстрадалық биін ерекше орындап, көрермендерді сүйсінтті.
5-7 жас аралығындағы "Жас сарбаз" балалар студиясының ең жас бишілері де дебют жасады. "Би бим бом" композициясын орындай отырып, балалар хореографтарды өздерінің көңілді қалпымен және қимылымен тәнті етті. Қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша бишілер тобының өнерін жоғары бағалап, Бас жүлдеге лайық деп тапты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -