Көп балалы отбасы құқығын қалпына келтіруге Омбудсмен Артур Ластаев көмектесті
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың атына «Алтын алқа» иегері, көп балалы анадан өтініш түсті. Әйел қызын Стандартты ережемен реттелетін конкурстан жалпы негізде өту қажеттілігіне байланысты Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы No8 мамандандырылған гимназияның 7-сыныбына қабылдаудан бас тартқанын хабарлады.
Алайда, сол Стандартты ережеге сәйкес халықтың әлеуметтік осал санаттарының тізімі бар, олардың ішінен мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылданған оқушылардың жалпы санынан 15% білім алушы таңдалады. Сонымен қатар, басқа да көптеген құжаттарда төрт және одан да көп баласы бар отбасылар әлеуметтік көмекке мұқтаждар санатына жатқызылғанымен, көп балалы отбасылар белгілі бір себептермен бұл тізімге енгізілмейді.Шағым авторы заңнамаға сілтеме жасай отырып, тізімді көп балалы отбасы балаларымен толықтыруды сұрады.
Өтінішті қарау барысында Омбудсмен Артур Ластаев Оқу-ағарту министрлігіне Стандартты ережені қайта қарау және көп балалы отбасы балаларын әлеуметтік осал санаттар қатарына қосу туралы ұсыныспен хат жолдады.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Оқу-ағарту министрлігі Білім беруге қабылдаудың стандартты қағидаларының орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты 18-1 тармағына түзетулер енгізді.
Атап айтқанда, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы отбасы балалары халықтың әлеуметтік осал санатына жатқызылып, олардың арасынан мамандандырылған гимназияларға қабылданғандардың жалпы санынан 15% іріктеліп алынатын болды.
Бұл стандарттар қолданысқа енгізілді және жалпыға қолжетімді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -