«Көп тәжірибе жинадық»: Joltap жобасы курсына қатысушы ризашылығын білдірді: Астана қаласы, 20 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Көп тәжірибе жинадық»: Joltap жобасы курсына қатысушы ризашылығын білдірді

Астанада Joltap әлеуметтік жобасы былтыр қыркүйектен бері жүзеге асырылып келе жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Баршаға мүмкіндік» деп аталатын 10 модульдік пунктте 52 түрлі мемлекеттік қолдау бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ 14 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазылуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Бұл жобаға 18-50 жас аралығындағы қосымша мамандық алып, тұрақты табыс тапқысы келетін немесе қаржылық жағдайын жақсартқысы келетін астаналықтар қатысуда.

Солардың бірі – Нұрбек Исмурзинов. Ол аяқ киім жөндеуші және кілт жасаушы мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсты оқыды.

Ол қазіргі кезде сұранысқа ие және тұрақты табыс әкелетін кәсіптерді игеріп шыққанына дән риза.

Оқу барысында екі шеберханадан тәжірибеден өттім. Біз арнайы құрылғыларда перфорацияланған кілттерді, ағылшын кілттерін жасадық. Сондай-ақ курста чип және домофон кілттерінің жасалуын көрсеткендері ұнады. Бұдан басқа бағдарламалау негіздерін де үйрендік.

Сонымен қатар, Нұрбек Жәнібекұлы курстың ауқымды және мазмұнды болғанын айтты.

Оқытушылар өте сапалы білім берді. Оқу-тәжірибе мол болды. Жаздық та, тест тапсырдық та. Бәрі әділ болды. Менің жобаға деген алғысым шексіз, - деді ол.

JOLTAP жобасы аясындағы оқу бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін қатысушылар тек сертификаттар алып қана қоймайды, сонымен қатар олардың алдынан түрлі мүмкіндіктер ашылады. Олардың қатарында ресми жұмысқа орналасу, үйден тапсырыс қабылдау мүмкіндігі бар штаттан тыс жұмыс, жұмыс жасап тұрған бизнесті дамыту немесе микробизнес ашу және «JUMYS TAP» Telegram ботында түйіндемені тегін жылжыту кіреді.

Айта кетейік, биыл елордада осы жоба бойынша 10 мың тұрғынды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарланып отыр. Ал оқыту бағдарламалары мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға созылады. Жоба арқылы оқығысы немесе ақыл-кеңес, бағыт-бағдар алғысы келетін кез келген елорда тұрғыны «Бар­шаға мүмкіндік» модульдік пункттеріне баруға болады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар