ҰҚК ШҚ су тасқынына қарсы жұмысқа қатысуы туралы
Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен өңірдің 4 елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде (Ақырап, Жиренқопа, Майтөбе және Айке е.м.).
1 250 тұрғын мен ондаған мал басын эвакуациялау ұйымдастырылды.
Әскери қызметшілердің күшімен тұрғын үй объектілерін су басуға жол бермеу бойынша жекелеген жер учаскелері нығайтылды, Терісаққан және Жаңаталап е.м. арасындағы бөгетті, сондай-ақ Ашқара өзені мен Шалқар көлінің жағалау сызығын нығайтуға көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды, киім-кешек және 100 тонна құм жеткізу жұмыстары жүргізілді.
ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша ТЖД-ларға су тасқынына қарсы іс-шараларға, оның ішінде ҰҚК авиациясын пайдалана отырып көмек көрсету жұмысын жалғастыруда.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -