ҰҚК Шекара қызметінің 2024 жылғы наурыз айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы наурызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 1 574 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:25 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
37 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 059 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:57 факті – есірткі заттары;
21 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана ату, 5 дана зақым келтіру және 4 дана суық қаруы, 44 дана оқ-дәрі);
40 факті – діни әдебиет 3092 дана);
223 факті – жалпы сомасы 110 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (47 тоннадан астам);
халық тұтыну тауарлары – 634 факті, жалпы сомасы 6,7 млрд теңгеден астам;
6 факті – жалпы сомасы 91 млн теңгеден астам зергерлік бұйымдар (3 кг аса);
шетел валютасы – 128 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.
Каспий акваториясында 17 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:10 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 13,4 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
54 дана (211 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
20 дана (43 кг) таза тұқымдас балықтар.
Алды алынған залал сомасы 213 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -