Кентау және Шымкент қалаларында ЖЭО жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков жөндеу жұмыстарының барысын бағалау және алдағы жылыту маусымына дайындық үшін Кентау және Шымкент қалаларында ЖЭО-ға барды.
Кентау қаласының ЖЭО-да № 8, 9, 10, 11
қазандықтарды
қайта жаңарту
жұмыстары
жалғасуда. № 7, 12 қазандықтарды қайта жаңарту басталды. Мердігерлік ұйым қызметкерлерінің жалпы саны 120 адамнан асады. № 5, 6 қазандықтарда және № 6 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Электр тарату желілері бойынша регламенттік жұмыстар орындалуда. Отын жеткізуге шарттар жасасу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының ЖЭО-да 26 кезеңді ауыстыру бойынша жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты № 2 турбинаны жөндеу мерзімі ағымдағы жылдың 12 тамызына дейін ұзартылады.
№
3 қазандықты жөндеу жұмыстары
а.ж.
шілде айының соңына дейін жалғасуда.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарының барысын бақылау үшін энергия кәсіпорындарына шығуды жүзеге асырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -