Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде кездесу
2024 жылы 02 мамырда, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Е.Н Бегалиев, А.М Нұрбеков К.Сағадиев атындағы Халыкаралық Бизнес Университетінің «заңгер» мамандығының оқытушылық кұрамына, түлектері мен студенттеріне «Қалай судья болуға болады?» тақырыбына семинар өткізді.
Семинар барысында судьялыққа біліктілік емтиханды тапсыру тәртібі, іріктеу кезеңдері және судьялық лауазымға орналасудың басқа да аспектілері туралы түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар койылып, жан-жақты талқыланып, жақсы пікір таласта өтті.
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -