Кинологиялық есептоптарын сертификаттау сынағының ІІ-кезеңі
Республикалық кинологиялық есептоптарын сертификаттау сынағының кеше ІІ кезеңі өтті.
Алғашқы кедергіден сүрінбей өткен Жедел құтқару жасақтарының құтқарушы иттеріне үйінділердің, қираған ғимараттың аумағынан 3 зардап шегушіні 20 минут ішінде табу тапсырмасы берілді.
Бас төреші А. Уакишев: «Іздестіру аймағына барған кезде, иттер іздестіру мақсатын нақты білуі қажет. Зардап шегушіні тапқан кезде, кинологқа «үру» арқылы белгі беруі тиіс. Көп жағдайда зардап шегушінің ізін таба алмаған кезде, иттер иіс арқылы іздеуге кіріседі. Барлық адам өкпесінен бірдей иіс бөлінеді. Құтқарушы иттер осы иіс арқылы іздеп табады», - деп атап өтті.
II
кезеңде
сертификаттау
сынақтарына
қатысқан
кинологиялық
есептоптары
жоғары
нәтиже
көрсетті.
Бүгін кинологиялық есептоптарын сертификаттау сынағының ІІІ-кезеңі басталды. Үйінділер мен қираған ғимараттар арасынан зардап шегушіні тапқан құтқарушы иттер ғана бүгінгі ІІІ-кезеңге қатысуға мүмкіндік алған болатын. Олар 20 минут ішінде табиғи апаттар жағдайында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 3 зардап шегушіні табуы қажет.
Төреші Е. Исмайылов: «Ит – адамның ақылды досы, қызметте – жолдасы. Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда он мың есе артық, ал есту қабілеті 10 есе жоғары екенін ескерсек, иттердің құтқару операцияларына көмегі ұшан-теңіз. Алайда, күшік кезінен үйретілген иттер де қателік жіберуі әбден мүмкін. Сол үшін төрешілер сынаққа келген әрбір иттің қабілетін жіті бақылаудамыз», - деді.
Кинологиялық есептоптардың көпшілігі белсенділік танытты. Дегенмен, үш этапта да үздік нәтиже көрсеткен кинологиялық есептоптарға ғана төтенше жағдай кезінде іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуге рұқсат беретін сертификат табысталатын болады.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -