Кишинев қаласында Еуропалық конституциялық соттар конференциясының ХІХ Конгресі өтуде
Қазақстан Конституциялық Сотының судьясы Айжан Жатқанбаева «Сот қорғаудың нысандары мен шектері: конституциялық соттардың тәжірибесі» тақырыбындағы Еуропалық конституциялық соттар конференциясының ХІХ Конгресіне ( CECC
Диалог алаңы 100-ден астам қатысушыны, 40-тан астам еуропалық конституциялық соттардың делегацияларын, өзге елдердің конституциялық соттары тарапынан бақылаушыларды, жоғары дәрежелі дипломаттарды, ғылыми қоғамдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Молдова Республикасының Президенті Майя Санду Конгресті құттықтау сөзімен ашып, конституциялық бақылау органдарының Еуропада заңның үстемдігін нығайтуға және демократиялық нормаларды таратуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті. Молдова Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Домника Маноле өз сөзінде ұлттық заңнаманың еуропалық нормалар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудің маңызды рөлін атап өтті.
Еуропалық адам құқықтары сотының және Венеция комиссиясының (Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясы) басшылары Еуропадағы біртұтас құқықтық кеңістікті нығайтуға және қолдауға жаһандық ынтымақтастықтың ықпалына назар аударды.
Пленарлық отырыстар алаңдарында еуропалық конституциялық соттардың юрисдикциясы шеңберіндегі саясат пен құқықтың арақатынасы, сондай-ақ конституциялық және ұлттықтан жоғары соттар арасындағы өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін талқылау жалғасуда. Конгресс шеңберінде қатысушылардың Молдова Республикасының Үкімет мүшелерімен және Парламент депутаттарымен кездесулері өтуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -