«КОНГЛОМЕРАТТАР ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Төрағасының бұйрығының жобасын әзірледі (бұдан әрі – бұйрық жобасы).
Бұйрық жобасы монополияға қарсы органның конгломераттардың қызметін талдау және мониторингі бөлігінде құзыретін кеңейтуге байланысты әзірленді.
Барлық мүдделі тұлғаларды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15041932 сілтемесі арқылы «Ашық НҚА» порталында танысуға болатын бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.
Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар a.sapuanova@azrk.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -