Конкурс
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лаузымына конкурс жариялайды.Кәсіпорын қызметінің нысанасы мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамысыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерің эталондық бақылау банкін және республикалық бюджеттен қаржыландыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының талдамалық және социологиялық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: заңгерлік.
Жұмыс тәжірибесі: Мамандығы бойынша нормашығармашылық саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл өтілінің болуы.
Құзыреті: Басқарушылық дағдылар, стратегиялық ойлау, бейімделу мен икемділік, мақсаттылық, заңнама және құқықтық ақпарат саласындағы, сондай-ақ жұмысты басқару және ұйымдастыру саласындағы әдіснамалар мен стандарттарды білу, әдептілік, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, қақтығыс-менеджмент, ауқымды ақпарат талдау қабілеті, мәселелерді шешуге шығармалылық.
Заңнаманы білуі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасы Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, «Мемлекетік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әділет органдары туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де заңнамалық актілерін білу.
Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
Сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады, басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеті, оның ішінде сот сараптама қызметін жетілдіру.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде келесі мекен-жайда қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 937 каб. байланыс тел. 8 (7172) 74-06-39, 55-88-26, 8 771 700 01 71.
Әңгімелесудің өткізілетін күні туралы конкурсқа қатысушылар қосымша хабардар етілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -