Конституция күні қарсаңында Конституциялық Соттың судьясы Көкшетау қаласында дәріс оқыды
Көкшетау қалалық зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева дәріс оқыды. Шара барысында судья азаматтардың өтініштері бойынша конституциялық бақылау органының қызметі мен оның негізгі шешімдеріне тоқталды.
Судья Жатқанбаева Конституциялық Сот шешімдерінің маңыздылығын азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тұрғысынан түсіндірді, сондай-ақ сотта қаралған істердің мысалдарымен бөлісті. Ол өз сөзінде Конституциялық Соттың заң үстемдігін нығайтуға және адам құқықтарын қорғауға қалай үлес қосып жатқанына назар аударды.
Дәріс соңында Конституциялық Соттың судьясы инклюзивті қоғамды дамыту, зағип және нашар көретін азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Брайль шрифтінде жазылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Конституцияны кітапханаға табыстады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -