Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығының жұмыс кездесуі өтті
Қазақстандық делегацияның Санкт-Петербургке сапары аясында Қазақстан Конституциялық Сотының судьясы Сергей Ударцев пен Ресей Конституциялық Сотының төрағасы Валерий Зорькиннің төрағалығымен Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығының жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық мәселелері, конституциялық шағымға жол беру критерийлері, алдағы Конгресті дайындау және өткізу, сондай-ақ 2026 жылы еуразиялық қауымдастықтың кезекті отырысын ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Судья Ударцев қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында еуразиялық қауымдастық шеңберіндегі ынтымақтастық құқықтық мемлекет қағидаттарын бекіту және сайып келгенде, қатысушы елдерде құқық үстемдігін нығайту саласында құнды ақпарат пен тәжірибе алмасуға ықпал ете отырып, ерекше маңызға ие болатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Конституциялық Соты 2017 жылдан бастап Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығына төрағалық етеді. Оның құрамына 9 елдің (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) конституциялық соттары кіреді, 1997 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасайды. Міндеттері – жалпыға бірдей танылған конституциялық құндылықтарды нығайтуға жәрдемдесу, тұрақты сотаралық диалогты қолдау және Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -