Конституциялық Сотқа ЕАЭО Сотының судьялары келді
Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына Төраға Алексей Дронов бастаған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Сотының делегациясы ізеттілік кездесуге келді. ЕАЭО Сотының Төрағасы мен судьялары одақтың сот органының қызметі мен іс жүргізу ерекшеліктері туралы айтып берді.
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова қонақтарды қазақстандық конституциялық бақылау органының қызметімен таныстырды. Кездесуге қатысушылар ұлттық және ұлттықтан жоғары құқықтық нормалардың арақатынасы, Конституцияның үстемдігі және заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде құқықтың үстемдігі, сондай-ақ ғылыми-практикалық мақсаттарда ақпарат алмасу және ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасты.
Телеграмм КС - https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -