Конституциялық Сотқа шетелдік ғалымдар келді
Конституциялық Сотта Maqsut Narikbayev University ұйымдастырған «Германия, Қазақстан, Украина және Өзбекстандағы әкімшілік әділет көмегімен конституциялық құқықтарды қорғау» ғылыми-педагогикалық семинарының қатысушыларымен танысу кездесуі өтті.
ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова кіріспе сөзінде Германия, Өзбекстан және Украинадан келген қонақтарға конституциялық бақылау органының ғылыми қоғамдастық өкілдерімен әріптестік қарым-қатынасының маңыздылығын атап өтті.
КС судьялары С.Ф. Ударцев, Р.А. Подопригора және А.Е. Жатқанбаева қатысушыларды Қазақстан Конституциялық Соты қызметінің кейбір аспектілерімен таныстырды. Соңында қонақтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Өз кезегінде шетелдік ғалымдар Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы үдемелі дамуын атап өтіп, КС судьяларына жылы қабылдағаны және берілген толық ақпарат үшін алғыстарын білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -