Конституциялық Сот Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауында не ұсынды
Конституциялық Сот өзінің нормативтік қаулыларында Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, Жоғары Сот Кеңесіне және басқа да мемлекеттік органдарға мынаны ұсынды:
сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж төлеу мәселелері бойынша заңнамадағы олқылықтарды жою (мөлшерді азайту, төлеуді кейінге қалдыру, бөліп төлеу және басқалар); әкімшілік орталықсыздандыру шеңберінде әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың құзыретін нақтылау; азаматтардың, оның ішінде ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру жөніндегі шараларды күшейту; судьялардың кәсіби қызметін бағалау рәсімдері мен өлшемшарттарын жетілдіру; қорғалу құқығы бар куә жағдайын құқықтық регламенттеуді нақтылау; қылмыстық құқық бұзушылық түріне және қылмыстар санатына қарамастан кассациялық сатыға қол жеткізуді қамтамасыз ету; кәсіпкерлік, банктік (банк операцияларын), микроқаржылық немесе коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарының белгілеріне толық айқындау беру және аражігін ажырату; парақорлыққа алдамшы делдал болудың әртүрлі нысандары бар сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау кезінде сот практикасын қосымша түсіндіруді қамтамасыз ету; моральдық зиянды өтеуге қатысты Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) нормаларын және Жоғарғы Соттың тиісті нормативтік қаулысының ережелерін нақтылау бойынша шаралар қабылдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбесін өзектендіру.Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдаудың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады
https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/680610?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -