Конституциялық Сот ҮЕҰ өкілдеріне онлайн-тренинг өткізді
Конституциялық Сот азаматтық қоғам өкілдеріне арнап конституциялық бақылау органына өтініштер жолдау кезінде жол берілетін шарттар мен өлшемшарттар бойынша онлайн-тренинг өткізді.
Спикерлер ретінде өтініштерді бастапқы қарау және талдау бөлімдерінің басшылығы Салтанат Нұрымбетова мен Амир Умаров сөз сөйледі.
Тренинг азаматтық қоғамның құқықтық хабардарлығын арттыру мақсатында «Сана сезім» ҚҚ мен Азаматтық Альянстың бастамасымен ұйымдастырылды. Тренингке үкіметтік емес ұйымдардан 60-тан астам өкіл қатысты.«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңының 41-бабына сәйкес заңмен, жарғымен немесе ережемен ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген осы ұйымдардың уәкілетті адамдары Конституциялық Сотта азаматтардың атынан өкілі ретінде өтініш бере алады. Қатысушыларға Конституциялық Сотқа жолданатын өтініштердің белгіленген жол беру шарттары бойынша жиі жіберілетін сәйкессіздіктерге талдау жасалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -