Конституциялық Сот көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудағы шектеулердің конституциялылығын қарауда
Конституциялық Сотқа азаматтан «Жол жүрісі туралы» Заңның 65-бабының 1-тармағының және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңның 10-бабының 5-2-тармағының азаматтығына байланысты көлік иесін сақтандыруға шектеулер бөлігінде Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.
Өтініш авторы – тұруға ықтиярхат негізінде Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы. Ол Қазақстанға шекаралық мемлекетте тіркелген көлігімен келіп тұрады. Өтініш беруші Қазақстан аумағында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға әрекеттенген, бірақ дауланған нормалар негізінде бас тартылған. Бас тартуға оның көлігінің біздің еліміздің аумағында халықаралық қозғалыста деп танылмауы себеп болды, өйткені ол өзі шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам емес. Сот дауланған нормаларды алға тартып, оның сақтандыру компаниясына қойған талаптарын қанағаттандырудан да бас тартты.
Өтініш берушінің пікірінше, дауланған нормалар меншіктегі мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету құқығын бұзады.
Азаматтың өтініші конституциялық іс жүргізуге қабылданды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -